$ 479.02  551.11  5.82
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда сомасы 21 млн теңгеге жететін жаңа айыппұл түрі пайда болады

Бұл туралы бүгін үкіметте белгілі болды

Қазақстанда сомасы 21 млн теңгеге жететін жаңа айыппұл түрі пайда болады
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Бүгін Үкімет отырысында баяндама жасаған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жаңа Конституцияда азаматтардың дербес деректерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған норма бекігенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл норма азаматтардың жеке деректерін таратқандардың жазасын күшейтуді көздейді. Оның ішінде қылмыстық жаза да, айыппұл да бар. Айпыпұлдың көлемі 5000 айлық есептік көрсеткішке тең, бұл биыл 21 млн теңгеден астам сомаға тең.

«Дербес деректердің тарап кету фактілері туралы уәкілетті органға да, азаматтардың өздеріне де хабарлауға, сондай-ақ дербес деректерді өңдеудің басталғаны туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті болады. Бұдан бөлек, дербес деректердің жаппай таралуы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу және әкімшілік айыппұлдың шегін 5000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін арттыру қарастырылып отыр», - деді Мәдиев бүгін үкімет отырысында.