$ 515.02  604.22  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Енді кәсіпкерлер салық берешегін бір жыл ішінде бөліп төлеуге мүмкіндік алады

Импортқа қосылған құн салығын да бірден төлемеуге болады

Енді кәсіпкерлер салық берешегін бір жыл ішінде бөліп төлеуге мүмкіндік алады
Фото: istockphoto.com

Жаңа жылдан бастап кәсіпкерлер салық берешегін бір жылға дейін кейінге қалдырып немесе бір жыл ішінде бөліп төлей алады. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жаңа Салық кодексінде маңызды қолдау көзделген. 1,5 мың айлық есептік көрсеткішке (шамамен 6,5 млн теңге) дейінгі берешегі бар салық төлеушілер үшін кепілге мүлік қоймастан және банктен кепілдік алмастан 1 жылға дейін мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу қолжетімді болады. Нәтижесінде бюрократия азайып, кепілді бағалау мен сақтандырудың қажеті болмайды, бөліп төлеуді ресімдеу мерзімдері қысқарады», - деді Тәкиев Үкімет отырысында.

Яғни, егер салық қарызы 6,5 млн теңгеге дейін болса, оны 1 жылға дейін кейінге қалдыруға немесе 1 жыл бойы бөліп төлеуге болады. Ең бастысы — кепілге мүлік қоюдың және банктен кепілдік алудың қажеті жоқ.

Министрдің айтуынша, көлденең мониторингке қатысушыларға да 12 айға дейінгі мерзімге кепілсіз және кепілдіксіз бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі.

Бұған қоса, өндірушілерге, өнім өндіруге арналған тауарлар бойынша импортқа қосылған құн салығын төлеуді бір жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру мүмкіндігі көзделген.

Серіктес жаңалықтары