$ 515.02  604.22  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Келер жылдан бастап қазақстандық кәсіпкерлердің шоттары қай кезде бұғатталады

Қатаң шаралар қабылдау үшін берешек сомасы көтерілді  

Келер жылдан бастап қазақстандық кәсіпкерлердің шоттары қай кезде бұғатталады
Фото: freepik.com

Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2026 жылдан бастап салық берешегі қандай сомадан асқанда шоттары шағын және микробизнестің шоттары бұғатталатынын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, бұрын әлеуметтік төлемдер бойынша нақты шек болмаған. Яғни қарыз өте аз болса да, тіпті 5–10 мың теңге, салық органдары шоттарды бұғаттай алатын. Енді Үкімет ұсақ қарыз үшін бизнеске кедергі жасамайды.

«Егер бұрын әлеуметтік аударымдар бойынша іс жүзінде шек болмаған кезде, осы жылы салық берешегі шамамен 26 мың теңгеден немесе 6 айлық есептік көрсеткіштен өндіріліп алынған болса, енді салық берешегі бойынша шегі 87 мың теңгеге немесе 20 айлық есептік көрсеткішке дейін, әлеуметтік төлемдер бойынша шамамен 26 мың теңгеге немесе 6 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеріледі», - деді Тәкиев Үкімет отырысында.

Енді, егер берешегі:

  • 87 мың теңгеге немесе 20 айлық есептік көрсеткішке дейін болса – хабарлама жіберіледі, өзге шараларсыз, тек өсімпұл ғана есептеледі;
  • 87 мыңнан 195 мың теңгеге дейін немесе тиісінше 20-дан 45 айлық есептік көрсеткішке дейін болса – хабарлама жіберіледі; өтелмеген кезде борыш сомасы шегіндегі шығыс операциялары тоқтатыла тұрады және тек содан кейін ғана инкассолық өкімдер шығарылуы мүмкін;
  • 195 мың теңгеден немесе 45 айлық есептік көрсеткіштен асса – мүлікті тізімдеу және сату, дебиторлар есебінен өндіріп алу сияқты неғұрлым қатаң шаралар қолданылады.
Серіктес жаңалықтары