Коронавирусқа қарамастан, Қазақстанда несие рәсімдеу көлемі 14% өскен

Есесіне, NPL 90+ 1,42 трлн теңгені құрады

Коронавирусқа қарамастан, Қазақстанда несие рәсімдеу көлемі 14% өскен

Дағдарысқа қарамастан, банктер белсенді несиелік позицияны сақтап отыр, деп хабарлайды Ранкинг.кз порталы. Маусым айында елде несие көлемі 15,1 трлн теңгені құрады, бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 1,2%-ға, былтырғы мамыр айынан 13,6%-ға көп.

«Елдегі несие беруші банктердің ондығына кіретін Bank RBK биыл көшбасшы болып отыр. Банктің несие портфелі бірден бір жарым есе артып, 449 млрд теңгеге жетті.

Екінші орында - «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» : жылына – 36,7%. Kaspi Bank несие портфелінің өсуі бойынша алғашқы үштікті түйіндейді: плюс жылына – 14,6%», - делінеген хабарламда.

Сонымен қатар, төленбегеніне 90 күннен асқан несиелер көлемі айына 1,5% өскен. Жылдық көрсеткіш 10,9%-ға жетіп 1,42 трлн теңгені құрады. Бір жыл бұрын ол 1,28 трлн болған. Бұл екінші деңгейлі банктердегі несие портфелінің небәрі 9,7%-ы.

«Bank RBK- да  NPL 90+ 5,5% төмендеп,  50,5 млрд теңгені құрады. «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде» қайпаған қарыз көлемі 2,4 есе өсті (алайда бұл тек 3,3 млрд теңге). Kaspi Bank-те  2,2% бен 104,2 млрд теңгеге дейін өскен», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.