$ 549.06  644.87  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Курчатовта АЭС салына ма – Сәтқалиев жауап берді

Курчатовтағы алаң АЭС құрылысына жарамды деп танылған

Курчатовта АЭС салына ма – Сәтқалиев жауап берді
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысындағы Курчатов қаласы атом электр станциясын салуға перспективалы алаң ретінде қарастырылып отыр, бірақ әзірге Курчатовта АЭС салу туралы жоспар жоқ. Бұл туралы ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, Курчатов алаңы, шынымен де, 2050 жылға дейін уран саласын дамыту стратегиясы аясында атом станциясын салуға перспективалы орын ретінде қарастырылып отыр. Бұған дейін Ұлттық ядролық орталық халықаралық сарапшылармен бірлесіп, Курчатовта АЭС салу мүмкіндігіне қатысты жан-жақты бағалау жүргізген. Ол қала аумағында атом нысанын орналастыру мүмкін екенін растады.

«Егер нақты жоспарға келсек, ол Үкіметтің шешіміне, энергетикалық баланс болжамы мен ұлттық электр желісін дамыту қажеттілігіне байланысты болады. Бірақ қазір Курчатовта АЭС салу жоспары жоқ», - деді Сәтқалиев Мәжіліс кулуарында.

Жалпы, оның айтуынша, Курчатов алаңы 125, 300, 600 және 1200 мегаваттық жекелеген блоктары бар атом станциясын салуға қолайлы.

Серіктес жаңалықтары