$ 541.19  636.44  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңа жылдан бастап зейнетақы жинағынан ақшасын алған қазақстандықтардың салығы жойылады

Өзгеріс 2026 жылы күшіне енеді

Жаңа жылдан бастап зейнетақы жинағынан ақшасын алған қазақстандықтардың салығы жойылады
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

2026 жылдан бастап Қазақстанда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан артық ақшасын алған азаматтардан жеке табыс салығы алынбайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БЖЗҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, бұған дейін салынған жеке табыс салығы жойылып, 2026 жылдан бастан жинақты пайдаланғандарға салық салынбайды.

«2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа ережелер күшіне енеді. Енді жинақтаушы зейнетақы қорынан алынатын ақшаға салынатын салық жойылады. Осы кезге дейін салық салынған азаматтардың да салығы жойылады. Ал, салықты төлеген кейбір осал топтағы азаматтар ақшасын қайтарып ала алады», - деп хабарлады БЖЗҚ.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Атырауда жалған стоматологиялық қызметтер арқылы азаматтардың зейнетақы қорындағы 200 млрд теңге ақшасын шешіп берген бес қылмыстық топ тергеліп жатыр. Қаржы мониторинг агенттігі бұл істе 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылғанын хабарлады. Дегенмен, тергеуде елу адам және 200-ден астам дроппердің ісі де бар екені хабарланған. Ал, тіс емдету үшін зейнетақы қорындағы артық ақшасын алған азаматтар қылмыстық іске тартылмайтын болды. 

 

 

Серіктес жаңалықтары