$ 539.54  637.09  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекеттен көмек алған қай банктер қарызын әлі қайтарған жоқ

Төрт банк әлі мемлекеттің ақшасын қайтармаған

Мемлекеттен көмек алған қай банктер қарызын  әлі қайтарған жоқ
Фото: istockphoto.com

2017-2020 жылдары мемлекеттен көмек алған банктердің төртеуі мемлекетке әлі жалпы сомасы 1,3 трлн теңге қарыз. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Банктерге берілген мемлекеттік көмекке келсек, қазір 4 банкте 1,3 трлн теңге мөлшерінде мемлекет қаражаты бар. Дәлірек айтқанда, Еуразиялық банкте – 150 млрд теңге, РБК банкте – 176,8 млрд теңге, Alatau City Bank-те – 950,2 млрд теңге және Nur Bank-те 46,8 млрд теңге бар», - деді Әбілқасымова Мәжілісте «Қазақстандағы банктер және банк қызметі туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Оның айтуынша, 2023-2025 жылдар аралығында 526,9 млрд теңге мемлекеттік қолдау қаражаты мерзімінен бұрын қайтарылды. Оның ішінде Halyq Bank 250 млрд теңгені толық қайтарса, Alatau City Bank 150 млрд теңге, БЦК 60 млрд теңге, ал РБК банк 66,9 млрд теңгені өтеген.

«Біз бұл жұмысты Ұлттық банкпен бірге жалғастырамыз. Alatau City Bank-тен басқасы, қалған қарыздарын алдағы 3-5 жылдың ішінде қайтарады. Берешекті тезірек қайтару үшін банктермен жаңа кесте жасадық», - деді агенттік төрағасы.

Серіктес жаңалықтары