$ 539.54  637.09  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда банктердің жанынан шариғат кеңесі ашылуы мүмкін

Банктер исламдық қаржыландыру үшін арнайы бөлімшелер ашады

Қазақстанда банктердің жанынан шариғат кеңесі ашылуы мүмкін
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда екінші деңгейлі банктерге «ислам терезесі» арқылы исламдық банк операцияларын жүргізуге рұқсат беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда ислам банкі қызметін жүзеге асыру үшін бөлек ислам банкін ашу қажет. Бүгінде елімізде екі ислам банкі жұмыс істейді – шетелдік «Абу-Даби коммерциялық банкі» және қазақстандық Заман банкі. Олардың банк жүйесінің активтері мен кредит портфеліндегі жиынтық үлесі 0,5%-дан аз.

«Заң жобасында әмбебап банктерге қолда бар лицензиясы аясында ислам банкі операцияларын «исламдық терезелер» арқылы жүзеге асыру құқығын беру көзделеді. Ол үшін Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Пәкістан, Бахрейн, Кувейт, Катар және Индонезияда кеңінен қолданылатын «исламдық терезелер» моделін пайдалану ұсынылады. «Ислам терезелері» моделі банктерге жеке банк құрмай, өз құрылымында арнайы бөлімшелер құру арқылы исламдық өнімдерді ұсынуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Әбілқасымова.

Ислам қаржысының ерекшелігін ескере отырып, активтер мен міндеттемелерді бөлек есепке алу және басқару, жеке қызметкерлер бөлу, сондай-ақ қаржы өнімдерін бекітетін және аудит жүргізетін шариғатқа сәйкестік жөніндегі кеңестің болуы туралы талаптар көзделген.

Серіктес жаңалықтары