$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2020, 13:28
Экономика

Қазақстан экономикасы соңғы 6 жылдағы ең жоғары өсімге қол жеткізді –  Мамин

Үкімет Парламент алдында есеп беріп жатыр

Қазақстан экономикасы соңғы 6 жылдағы ең жоғары өсімге қол жеткізді –  Мамин

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Парламенттің қос палатасы депутаттарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2019 жылғы жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.

Үкімет басшысы мұнайға әлемдік бағаның төмендеуіне және сыртқы экономикалық конъюнктураның нашарлауына қарамастан, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының соңғы 6 жылдағы ең жоғары өсімі – 4,5%-ға қол жеткізілгенін атап өтті. Сонымен қатар, өсімнің 85%-ы шикізаттық емес салаларды дамыту есебінен қамтамасыз етілді.

«Экономика өсімінің негізгі драйверлері — өңдеу өнеркәсібі (4,5%), құрылыс (12,9%), көлік (5,1%) және сауда (7,6%) болды. Негізгі капиталға cалынған инвестициялар 8,5%-ға, оның ішінде жеке инвестициялар 9,5%-ға өсті. Сыртқы сауда айналымы $97 млрд дейін өсті, сыртқы сауданың оң сальдосының өсімі $19 млрд құрады. Инфляция жоспарланған дәліз шегінде 5,4%-ды құрады. Еңбек нарығында тұрақтылық сақталды. Жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды. Ең төменгі жалақы 1,5 есе өсті», - деді ол. 

Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1,7%-ға төмендеді. Бұл ретте экономиканың негізгі салаларында өсім қамтамасыз етілді. Тауарлар өндірісі 4,8%-ға артты.

«Қазіргі жағдайда Үкіметтің негізгі міндеті – экономика өсімінің оң қарқынына шығу үшін қажетті жағдайларды жасау. Ол үшін еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатыр», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы төтенше жағдай кезінде экономиканы тұрақтандыруға және халықты қолдауға бағытталған жедел әрі шұғыл шаралардың 2 топтамасы (биылғы 23-30 наурыз аралығы) қабылданғанын атап өтті. Әлеуметтік әлжуаз топтарға қаржылық көмек көрсетілді, оның ішінде қажетті дәрі-дәрмектермен және азық-түлікпен қамтамасыз етілді, банк несиелері бойынша төлемдер уақытша тоқтатылды, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімі кейінге шегерілді. Дағдарыс жағдайында жеке сектордың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ШОБ-ты жеңілдікпен несиелеу және бизнесті ауқымды ынталандыру шаралары қабылданды.

Серіктес жаңалықтары