Маңғыстау облысында геологиялық барлау кезінде мұнай бұрқағы атқылады
Жаңа кен орны Шығыс Бектұрлы аумағынан табылды
«ҚазМұнайГаз» Маңғыстау облысында Шығыс Бектұрлы барлау блогында геологиялық жұмыстар жүргізу кезінде мұнай бұрқағына тап болды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.
«12 мм штуцерде тәулігіне 100 м3 дейінгі дебитпен атқылаған мұнай ағыны Шығыс Бектұрлы-1 іздестіру-барлау ұңғымасының оңтайлы орналасуы нәтижесінде орта юра дәуірі қабатынан алынды. Бұдан бөлек, мұнай (үлес салмағы – 0,82 г/см3) орта және төменгі юра қабаттарының сынамаларынан да алынған болатын, сондай-ақ триас шөгінділерінен де көмірсутектің белгілері анықталды», - делінген хабарламда.
Шығыс Бектұрлы учаскесінде жоба операторы – «Becturly Energy Operating» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (50%) және «Көкел Мұнай» ЖШС (50%) бірлесіп бақылайтын ұйым.
«ҚМГ жаңа кен орындарды игеруде серіктестермен өзара ынтымақтастық барысында кэрри-қаржыландыру талаптарын ұстанатынын атап өткен жөн. Яғни, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу шығындары серіктес ұйымға жүктеледі. Геологиялық барлау жұмыстары оң нәтиже берген жағдайда, серіктес ұйым жұмсалған шығынның орнын мұнай өндіру есебінен толтырады»,- делінген хабарламада
ҚМГ-ның негізгі активтері: Барлау және өндіру: Теңізшевройл (ТШО) - 20%, Қарашығанақ (ҚПО) - 10%, Қашаган – 8,44%1 , Өзенмұнайгаз (ӨМГ) - 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) - 50%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) - 100%, Қазгермұнай (ҚГМ) - 50%, ПетроҚазақстан (ПҚИ) - 33%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) - 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) - 50%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) - 100%, ҚазМұнайТеңіз - 100%.