Қазақстанда арақ-шарап 7%-ға қымбаттады

Қыркүйекке дейін баға тағы өседі деген болжам бар

Қазақстанда арақ-шарап 7%-ға қымбаттады
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда алкоголь өнімдерін өндірушілер биыл қаңтар-мамыр айларында өндіріс көлемін айтарлықтай азайтты. Мәселен, биыл коньяк өндірісінің көлемі 4,3%-ға дейін азайып, 4,6 млн литрді құрады.

Ал, табиғи шарап өндірісі былтырмен салыстырғанда 26%-ға дейін құлдырап, 18 млн литр өнім өндірілген. Сыра өндірісі небәрі 0,6 пайызға қысқарса, арақ өнімдері керісінше 3,5% өсімді көрсетті (8,3 млн литр).

Арақ өндірісі бойынша Ақмола облысы көш бастап тұр, мұнда бүкіл республикадағы арақ өнімдерінің 34,8%-ы өндіріледі. Тағы 22,7 пайызы Солтүстік Қазақстанның үлесінде. Алматы облысы 22,1 пайызбен үшінші орында.

Ал, шарапқа қажетті жүзімдіктің көп бөлігі Алматы облысында өсіріледі екен. Биыл мұнда 5,9 млн литр табиғи шарап (77,8%) өндірілген.

Сыра өндірісі бойынша Алматы көш бастап тұр: отандық сыраның тең жартысы (48,5%) «оңтүстік астанада» қайнатылады. Екінші орында – Алматы облысы (21,2%), үшінші орында – Қарағанды облысы (13,8%).

2020 жылдың мамырында алкогольді ішімдік бағасы елімізде 6,5 пайызға қымбаттады: арақ – 6,8%, шарап – 4,9%. «Хабар» телеарнасының хабарлауынша, қыркүйекке қарай алкоголь өнімдерінің бағасы тағы 10 пайызға қымбаттауы мүмкін.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.