$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.06.2020, 09:53
Экономика

Кореядағы қазақстандықтар 4 айда елімізге 16,3 млрд теңге аударған

Пандемияға байланысты шетелдегі қазақстандықтардан түсетін қаржы көлемі айтарлықтай азайған

Кореядағы қазақстандықтар 4 айда елімізге 16,3 млрд теңге аударған

Биыл қаңтар-сәуір айларының нәтижесі бойынша, Қазақстанға шетелден аударылған қаражат көлемі 80,9 млрд теңгені құрады, деп жазады Ranking.kz. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,7%-ға аз (116,7 млрд теңге).

Аударылған ақшаның ең көп бөлігі Ресейден жіберілген – 22,4 млрд теңге. Дегенмен, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда екі есеге дейін азайып кеткен. Мамандар мұны пандемиямен байланыстырып отыр.

Екінші орында – Оңтүстік Корея тұр, аталған елде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар осы 4 айда елімізге 16,3 млрд теңге аударып жіберіпті. Ал, Қырғызстаннан Қазақстанға жіберілген қаражат сомасы – 10 млрд теңгеге жуықтады (былтырғымен салыстырғанда 11,6%-ға өсті).

Серіктес жаңалықтары