$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.06.2020, 21:53
Экономика

БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы 223 миллиард теңгеге азайған

10 маусымдағы жағдай бойынша инвестициялық табыс 438,7 миллиард теңге болды

БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы 223 миллиард теңгеге азайған
Фото: ашық дереккөзден

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өкілдері салымшылардың есепшотындағы соманың неліктен жиі өзгеріп отыратынын тағы бір мәрте түсіндірді. БЖЗҚ сәуір айында жыл басынан бері салымшыларға 661,7 миллиард теңге инвестициялық табыс түскенін мәлімдеген еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«10 маусымдағы жағдай бойынша инвестициялық табыс 438,7 миллиард теңгені құрады. Қор өкілдері зейнетақы жинағы сенімді қаржы құралдарына құйылатынын еске салады. Зейнетақы жинағын инвестициялаумен Ұлттық банк айналысады», - деп жазылған хабарламада.

БЖЗҚ хабарлауынша, қордағы қаражаттың 2/3-сі теңгемен, 1/3-і АҚШ долларымен инвестицияланған.

«Зейнетақы жинағының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесі бойынша күнделікті есептеліп отырады. Бұл инвестициялық табыстың тұрақсыз және қысқа мерзімде теріс немесе оң сипатта болуына байланысты», - деп атап өтті қор өкілдері.

Олардың айтуынша, инвестициялық табыстың көлемін кемінде бір жылдық кезең бойынша бағалау керек, себебі зейнетақы активтері ұзақмерзімді инвестицияға жатады.

Серіктес жаңалықтары