$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.06.2020, 13:51
Экономика

Сыр қамысы Еуропаға көптеп экспорттала бастады

Сыр еліндегі қамыс өніміне шетелден сұраныс көбейген

Сыр қамысы Еуропаға көптеп экспорттала бастады

Жыл басынан бері Қызылорда облысынан құны 13,9 млн долларды құрайтын 38,9 мың тонна ауылшаруашылық өнімдері экспортталды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 116,7 пайызға артық. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес, экспортталған өнім түрлерінің ішінде балық, күріш, бидай қалдығы мен қамысқа сұраныс ерекше болған.

«Облыста өндірілетін өнімдер Ресей, Қырғызстан, Беларусь Республикасы, Әзербайжан, Моңғолия, Тәжікстан, Украина, Түркмения, Өзбекстан, Грузия, Қытай, Польша, Германия, Литва және Ирак мемлекеттеріне жөнелтілуде. Сондай-ақ, биылғы жылы алғаш рет Германия мемлекетіне 122,1 тонна қамыс экспортталды», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Сыр еліндегі қамыс өнімі өнімі үйлердің шатырына арналған тоқыма себетін дайындауда кеңінен қолданылады.

Серіктес жаңалықтары