$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан су тасқыны кезінде шетелдік банктерден шұғыл несие алғысы келеді

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта айтылған

Қазақстан су тасқыны кезінде шетелдік банктерден шұғыл несие алғысы келеді
Фото: Ақорда

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен кеңес барысында табиғи апат кезінде шетелдік банктердің шұғыл несие алу мәселесі талқыланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кеңесте табиғи апаттар кезіндегі тәуекелдерді басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланған. Биыл мамырда тұрғын үйлерді табиғи апаттан сақтандыру туралы жол картасы енген еді.

«Табиғи апаттардан тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру туралы Заң жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдардың қарауына жолданды. Заң жобасында мемлекеттік сақтандыру ұйымын құру, табиғи апаттар қаупі жоғары өңірлердің тізімін бекіту, сақтанушылардың міндетті жарналарын жинау тәртібі, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі көзделген», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек төтенше жағдайлар министрлігі табиғи апаттарға ұшырау қаупі бар жерлерді анықтап, ұсыныс әзірлегені хабарланып отыр.

Ал ең бастысы, үкіметтің ақпаратына сүйенсек, Қазақстан табиғи апаттар кезінде бюджеттен шығаратын шығындарының орнын жабу үшін шетелдік банктерден шұғыл несие алуға ниетті көрінеді.

«Қазір мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция жүріп жатыр. Табиғи апаттар кезінде бюджет шығыстарын қаржыландыру үшін шұғыл несие алу шарттары бойынша халықаралық сарапшылармен консультациялар өтті», - деп хабарлайды үкіметтің сайты.

Серіктес жаңалықтары