Қазақстанда номиналы 1000 теңгелік жаңа ақша пайда болды
Бұл ақшаның таралымы 5 миллион данамен шектеледі

Қазақстан Ұлттық Банкі Жеңістің 80 жылдығына арнап номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады. Банкноталардың таралымы 5 миллион данамен шектелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Мерейтойлық банкнотаның дизайны қоңыр-сарғылт түсті. Алдыңғы бетінде Даңқ мемориалы бейнеленген, Отан үшін жан қиған батырларға деген құрмет белгісі – 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан», - деп хабарлайды Ұлттық банк.
Банкнотаның бұрышын өзгерткен кезде жолақта тереңдіктің, көлемнің және жылтырдың үш өлшемді әсері, сондай-ақ мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан тырналар көрінеді. Тырналар силуэті – жақсылық пен үміттің бейнесі – өмірді суреттейді.
«Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті», - деп ескертеді Ұлттық банк.