$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты Үкіметке тапсырма берді

Президент келесі аптада осы мәселеге орай арнайы кеңес өткізуді жоспарлап отыр

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты Үкіметке тапсырма берді
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда әлемдік нарықтағы тарифтік қақтығыстардың салдарынан энергетика ресурстары және негізгі тауарлар бағасының құлдырауына байланысты ел экономикасында қалыптасқан ахуал қаралды.

«Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл жоспарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Бұл жұмыс қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде өсімді және тартылатын инвестиция көлемін төмендетпеуді көздейді», - деп жазылған хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі аса қолайсыз жағдайға қарамастан, еліміздің экономикалық дамуы бойынша өзі жариялаған басымдықтар, соның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, ауыл шаруашылығы мен көлік-логистика саласын жаңғырту бастамалары толық жүзеге асырылатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары