$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкімет байларға арналған бөлек салық енгізуді ұсынды

Салықтың бұл түрі зәулім үйлері мен қымбат автокөліктері бар адамдарға салынады

Үкімет байларға арналған бөлек салық енгізуді ұсынды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстан Үкіметі «сән-салтанат салығын» енгізуді ұсынды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз «сән-салтанат салығы» деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынамыз. Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарлануда», - деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар Үкімет әділдік мақсатында қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциз енгізуді ұсынып отыр.

Серіктес жаңалықтары