$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2020, 13:05
Экономика

Тыйым салынған: Былтыр Қазақстан шетелге 150 мың тірі мал басын экспорттаған

Ауыл шаруашылығы министрі неге тірі мал экспортына тыйым салып отырғанын түсіндірді

Тыйым салынған: Былтыр Қазақстан шетелге 150 мың тірі мал басын экспорттаған
Фото: inform.kz

Министр Сапархан Омаровтың айтуынша, тірі мал басының экспортына тыйым салатын бұйрық министрдің қолынан шықса да, бұл шешімге бизнес пен фермерлердің ұснысы түрткі болған.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда тірі мал экспортына тыйым салынған. Малды сойып, тек өңделген етті ғана шетелге шығаруға болады.

«Біріншіден, біз тірі мал басының экспортына (Ауыл шаруашылығы министрлігі – авт.) тыйым салған жоқпыз. Бірақ, әрине, бұйрыққа ауыл шаруашылығы министрлігінің қолы қойылған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің кез келген шешімі мәселе бизнес өкілдерімен детальді түрде талқыланғаннан кейін ғана қабылданады. Ал тірі мал экспортына тыйым салу туралы өтініш кезінде Қазақстанның фермерлер одағынан және Қазақстанның қой шаруашылығы қауымдастығынан түскен еді. Және бұл ұсыныс елімізден шет елдерге өте көп тірі мал басының шығарылуымен байланысты. Былтыр 150 мың тірі мал басы шетелге экспортталды. Ал елге 50-60 мың ғана мал басы әкелінген. Бұл – біріншіден», - дейді министр.  

Екіншіден, Сапархан Омаров айтқандай, тірі мал экспортына шектеу арқылы өңделген эскпорт көлемін арттыру көзделген. Алайда, шектеу уақыты биыл күзде, дәлірек айтсақ, қарашада тоқтайды.

«Сондықтан қазірден бастап бизнеспен бірге осы мәселені қалай шешуге болатынын ақылдасып жатырмыз. Ет өңдеуге де серпін беретін, фермерлердің жемделген бұқаларын сатуға мүмкіндік алатын шешім іздеп жатырмыз. Талқылаудың нәтижесін қосымша хабарлаймыз», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары