$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2020, 11:44
Экономика

396 теңге: доллар бағамы карантинге дейінгі жағдайға қайтып келді

KASE-де АҚШ долларының орташа бағамы 396,77 теңгені құрады

396 теңге: доллар бағамы карантинге дейінгі жағдайға қайтып келді

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа бағамы 2020 жылғы 3 маусымда 11:00-де 396,77 теңгені құрады. 2 маусыммен салыстырғанда (402,79 теңге / $ 1) ұлттық валюта долларға шаққанда 6,02 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Капитал. 

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, елорданың айырбастау пункттерінде сағат 11:15-тегі жағдай бойынша көк қағаз 401 теңге, Алматыда - 401 теңгеден сатылып жатыр.

3 маусымдағы Ұлттық банктің ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 402,37 теңгені құрады. Келесі күнге арналған теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық нәтижелері бойынша белгіленді.

Сағат 11:20-дағы мәліметтер бойынша, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 40,13 долларға дейін (1,44%) өсті. Соңғы рет Brent маркалы мұнай бағасы 6 наурыз күні 40 доллардан жоғары болған, бұл күні ОПЕК + келісімі ұзартылмайтыны белгілі болды. Содан соң, қара алтын құны $28 дейін құлдырап кетті.

Серіктес жаңалықтары