$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандағы кәсіпкерлер бұрын-соңды болмаған қолдау алатын болды

Бұл туралы бүгін Ұлттық құрылтайда президент мәлім етті

Қазақстандағы кәсіпкерлер бұрын-соңды болмаған қолдау алатын болды
Фото: freepik.com

Алдағы жылдары Үкімет нақты секторға бөлінетін қаржы көлемін 10 триллион теңгеге дейін жеткізуге тиіс. Бұл дегеніміз – елдегі бизнес үкімет тарапынан бұрын-соңды болмаған қолдауға ие болатын болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Біз Ұлттық құрылтайдың отырыстарында үнемі әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық мәселелерге қатысты маңызды шешімдер қабылдап қана қоймай, ел дамуының басқа да бағыттары бойынша басты басымдықтарды айқындаймыз. Аймақтардағы экономиканың өркендеуіне серпін беретін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу және өңірлердің даму деңгейіндегі теңсіздікті жою – қазір мемлекет алдында тұрған негізгі міндеттің бірі», - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, алдағы бірнеше жыл ішінде үкімет нақты секторға 10 трлн теңге бөлуі тиіс.

«Биыл экономиканың нақты секторына жұмсалатын қаржы көлемін екі есеге жуық көбейтіп, 8 триллион теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Алдағы жылдары Үкімет нақты секторға бөлінетін қаржы көлемін 10 триллион теңгеге дейін жеткізуге тиіс. Бұл жерде бизнесті қолдаудың елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды шаралары туралы айтылып отыр», - деді Тоқаев.

 

Серіктес жаңалықтары