$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.05.2020, 10:03
Экономика

ТЖ кезінде қай бағытта қызмет ететін жеке кәсіпкерліктер көп зардап шекті?

Қазақстанда 1,1 млн-ға жуық жеке кәсіпкерлік жұмыс істейді

ТЖ кезінде қай бағытта қызмет ететін жеке кәсіпкерліктер көп зардап шекті?

2020 жылдың сәуірінде елде 1,2 млн-ға жуық жеке кәсіпкерлік тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3%-ға аз. Оның ішінде жұмыс істейтіні 1,1 млн-ға жуық ЖК, бұл 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 0,6%-ға кем. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

Қолда бар жеке кәсіпкерліктер арасында өткен жылмен салыстырғанда ең көп қысқартуға ұшыраған - транспорт және сақтау (7,7%), және сауда мен автокөлік пен мотоцикл жөндеу (7,9%) саласындағылар. Төтенше жағдай кезінде де дәл осы бағыттағы жеке кәсіпкерліктер жапа шеккен.

Тұтастай алғанда, жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерліктердің жартысынан көбі сауда және автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу саласында жұмыс істейді (349,8 мың), сондай-ақ орман және балық шаруашылығында (237,3 мың).

Өңірлер арасында жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерліктер бойынша Түркістан облысы көш басында тұр (132,7 мың). Одан кейін орында Алматы қаласы (118 мың) және Алматы облысы (109,2 мың) тұр. Ал, ең көп қысқарған кәсіпкерліктердің саны бойынша ШҚО (2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 9,3% кем) және Қостанай облыстары (- 6,1%) алда келеді.

Серіктес жаңалықтары