06.02.2025, 12:23
Экономика
Үкімет қосымша құн салығын көбейту туралы ұсынысын 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізеді
Бұл туралы вице-премьер, ұлттық экономика министрі Жұманғарин айтты
Фото: скриншот
Бүгін Сенат кулуарында вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкімет қосымша құн салығын көбейту туралы ұсынысын Мәжіліске 20 ақпанға дейін енгізетінін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізуіміз керек. Себебі, қазір Мәжілісте Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жатыр. Соған қосымша ретінде біздің түзетулер енеді», - деп мәлім етті ол.
Айта кетейік, бұған дейін Жұманғарин 15-20 ақпан аралығын сөз еткен еді.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
28.11.2026, 12:07
Қарағандыда балалар үйінің тәрбиеленушісін бопсалағандар сотталды
