$ 528.52  539.14  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақпаннан бастап Қазақстанда электр қуатының бағасы қымбаттауы мүмкін

Энергетика министрлігі тиісті бұйрықтың мәтінін талқылауға шығарған

Ақпаннан бастап Қазақстанда электр қуатының бағасы қымбаттауы мүмкін
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанның энергетика министрлігі «Ашық нормативтік құқықтық актілер» сайтына электр қуатының жаңа шекті тарифтері туралы бұйрықтың жобасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы бұйрыққа сай, қуат өндіретін 36 компания 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап тарифтерді өзгерту туралы өтініш қалдырған. Кәсіпорындар бұның негізгі себебін мекемелерде жұмыс істейтін мамандардың жалақысы артады деген фактормен байланыстырып отыр.

«Өндірістегі персоналдың жалақысын көтеру мәселесі: 2024 жылы орташа жалақы 18%-ға артып, 425 мың теңге болды. 2025 жылы жалақы одан әрі 15-20% өседі деген жоспар бар. Энергетика секторы білікті персоналдың тапшылығына тап болғанын атап өткен жөн. Энергетика кәсіпорындарында қазір 52,5 мың адам жұмыс істейді», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Бұйрықтың жобасы 2025 жылдың 22 қаңтарына дейін талқылауда болады.

Серіктес жаңалықтары