$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Qazaq Air-дің 38,4 млрд теңге қарызын вьетнамдық компания жабатын болды

Қазақстан тарапы осындай талап қойған

Qazaq Air-дің 38,4 млрд теңге қарызын вьетнамдық компания жабатын болды
Фото: flyqazaq.com/o-kompanii/

Qazaq Air әуе компаниясын сатып алғалы жатқан вьетнамдық инвестор – SOVICO Group компаниясы 38,4 млрд теңге берешекті жауып, 20 ұшақ сатып алатын болды. Шетелдік инвесторға қойылған талаптар туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма мүшесі – Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор Елжас Отыншиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, Qazaq Air-дегі үлесті сату мәмілесінің шарттарын анықтау бойынша негізгі келіссөздер аяқталған.

«2024 жылғы 20 желтоқсанда экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында негізгі шарттар мақұлданды. Жыл соңына дейін «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі мен Үкімет тарапынан оң шешім қабылданады деп күтіп отырмыз», - деді Отыншиев Мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Қазақстан вьетнамдық инвесторға екі талап қойған.

«Біріншісі – 2044 жылдың соңына дейін 38,4 миллиард теңге қарызды жабу. Ал екіншісі – бес жыл ішінде Boing немесе Airbus-тан 20 ұшақ сатып алу. Ал инвесторлар тарапынан осы мерзімді екі жылға созу мүмкіндігі қарастырылған. Осы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін вьетнамдық SOVICO компаниясы кепілдік ұсынуға дайын», - дейді Отыншиев.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Qazaq Air #инвестор