«Долларға қарамаңыз»: Ұлттық Банк басшысы теңгенің әлсіреуін түсіндірді

Azattyq Rýhy

Экономиканың өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда баяулады 

«Долларға қарамаңыз»: Ұлттық Банк басшысы теңгенің әлсіреуін түсіндірді
Фото: Azattyq Rýhy

Теңгенің әлсіреуі (бір доллар үшін 460-тан 480-ге дейін) Ұлттық Банкте түсіндірілді. Алаңдаудың қажеті жоқ, деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.

Тимур Сүлейменов 40-50 теңге шегінде құбылу қалыпты екенін түсіндірді. Оның айтуынша, қазақстандықтар долларға емес, ұлттық валютаға қарауы керек.

«Теңгемен біз тауарларды төлейміз, үнемдейміз, қаражат жинаймыз, несиелер, депозиттер аламыз... Теңге әлдеқайда маңызды. Біз шетелге шыққан кезде, оқуға кеткен бала не туысқа ақша салғанда долларға қарауымыз керек. Міне, долларға қарау керек жағдайлар. Басқа жағдайларда сіз өзіңіздің ұлттық валютаңызға қарауыңыз керек. Бағам бойынша біз жылды 455 теңгеден бастадық, содан кейін Ұлттық қордан қосымша трансферттердің әсерінен теңгеміз айтарлықтай нығайды — ол 440 теңгеге жетті. Содан кейін ол біраз уақытта 480-ге жетті», - деді Тимур Сүлейменов.

Қазір оның айтуынша, бір доллар 474 теңгеге тең. Оның негізгі факторы – салықтар, корпоративтік және ҚҚС бойынша түсімдердің болмауы.

Бұл тапшылықты Ұлттық қордан берілетін трансферттермен жабуға тура келеді.

Сүлейменовтің айтуынша, биыл Қазақстан экономикасы бұрынғыға қарағанда баяу өсуде (2023 жылы 5,1%, 2024 жылы 3,5%). Нарықтағы доллар аз сатыла бастады, міне, курс осыдан «секірді».

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.