12.07.2024, 14:05
Экономика
Доллар 450-ге дейін төмендей ме: Ұлттық банк басшысының болжамы (ВИДЕО)
Доллар бағамына бірнеше фактор әсер етеді
Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов «доллар бағамы 450 теңгеге дейін төмендейді» деген болжамға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мұндай болжамды қаржы сарапшылары жасаған.
«Доллар 450 теңгеге жете алмайды. Негізгі және нарықтық факторлар бар. Олардың қалай дамитынын ешкім білмейді. Егер нарыққа Ұлттық қор есебінен доллардың көлемді құйылуы болса, әрине, доллар бағамы төмендейді», - деді Сүлейменов.
Ол сондай-ақ Ұлттық қордан қосымша трансферт туралы шешімді Үкімет қабылдауы тиіс деп қосты.
Сондай-ақ, Тимур Сүлейменов сарапшылардың әр түрлі болжамдарына күліп, реакция білдірді. Ұлттық банк басшысы қаржы сарапшыларын оның ведомствосында жұмыс істеуге шақырды.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)