10.07.2024, 17:35
Экономика
Қор нарығында доллар арзандады
Ұлттық банктің 10 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 480,77 теңге
Фото: freepik.com
Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,21 теңгеге төмендеп, 1 доллар 478,48 теңге болды.
Ұлттық банктің 10 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 480,77 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 477,9 теңге, сатып алу – 480,1 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы 477 теңгеден болса, сатып алу – 482 теңге.
Алматыда Ресей рублі 5,37 – 5,47 теңге аралығында саудалануда. Астанада көрші ел валютасы 5,33 – 5,53 теңгеден сатылып жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
