$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павел Дуровтың Қазақстанға шын мәнінде не үшін келгені белгілі болды

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Астанада жүр

Павел Дуровтың Қазақстанға шын мәнінде не үшін келгені белгілі болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

«Астана» халықаралық қаржы орталығы лицензиясы бар платформаларда сауда жасау үшін Павел Дуровтың криптовалютасын мақұлдады. Бұл ақпаратты АХҚО растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АХҚО-ның қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Toncoin цифрлық активін лицензиясы бар платформаларда сауда жасауға мақұлдаған.

«АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті AFSA лицензиясы бар платформаларда сауда жасау үшін Toncoin-ді қарап, мақұлдады. AFSA кешенді тексеріс нәтижелері бойынша шешім қабылдады, оның барысында Toncoin AFSA белгілеген нормативтік стандарттарға сәйкес келетіні анықталды», - делінген хабарламада.

Яғни енді инвесторлар AFSA лицензияланған платформаларында Toncoin-мен сауда жасай алады. Toncoin-ді АХҚО-ның реттелетін ортасына қосу қауіпсіз және ашық сауда жолдарын іздейтін институционалды және бөлшек инвесторлардың жаңа толқынын тартады деп күтілуде.

Айта кетері, Toncoin — Telegram Open Network (TON) блокчейніндегі цифрлық актив. Блокчейнді Павел Дуров негізін қалаған Telegram командасы әзірлеген.

Бұған дейін Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ресейлік кәсіпкер, IT маманы Павел Дуровпен болашақта перспективалы жобаларды іске асыру жоспарда бар екенін айтқан болатын.

Павел Дуров Embraer Legacy 600 ұшағымен Астанаға ұшып келген болатын.

Серіктес жаңалықтары