Бір жылда тарифтер 43 пайызға дейін қымбаттады
Инфляция 8,4% болды
2024 жылғы маусымда тұтыну бағаларының айлық индексі 0,4% болды (өткен айдағыдай). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 0,6% өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының индексі — 100%, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ұлттық статбюроға сілтеме жасап.
Маусымда бағаның өсуі ас үй плитасына — 8,4%, ауа баптағышқа — 4,6%, кір жуатын машинаға 4% байқалды.
Жиһаз және үйге қажет заттар — 1,7%, киім және аяқ киім — 0,9%, тоқыма бұйымдары, жеке пайдалануға арналған тауарлар 0,5%-дан қымбаттады.
Кешенді демалысты ұйымдастыру бойынша қызмет бағасы 13%, санаторийлер — 5,6%, балалар аттракциондары — 4,4% өсті.
Шаштараз бен сұлулық салондары — 1,9%, қоғамдық тамақтану 1% қымбаттады.
Азық-түлік өнімдерінен қияр бағасы — 18,7%, қырыққабат — 18%, тәтті бұрыш — 17,9%, сарымсақ — 14,9%, қызанақ — 13,3%, лимон — 7,4% арзандады.
Картоп бағасы — 10,7%, жүзім — 3,6%, алма — 2,1%, сәбіз — 1,9% қымбаттады.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ақмола облысында — 1% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п. т. жоғары), ең төмені — Ақтөбе және Алматы облыстарында 0,1% тіркелді.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік бағасы Маңғыстау облысында 0,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар — Түркістан облысында 2%, ақылы қызметтер — Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында тиісінше 2,5% және 2,6% өсті.
2024 жылғы маусымда жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,4% болды.
Ақылы қызметтер — 13,8%, азық-түлік емес тауарлар — 7,4%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,4% өсті.
2023 жылғы маусыммен салыстырғанда тарифтер су бұруға — 43,5%, суық суға — 36,7%, орталықтандырылған жылытуға — 33%, электр энергиясына — 31,7%, қоқыс шығаруға — 30,7%, ыстық суға — 30,4% өсті.
2024 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі — 42%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар — 29,8%, ақылы қызметтер — 28,2% болды.