20.06.2024, 09:49
Экономика
Қазақстан жыл басынан бері 1,5 трлн теңгеге зейнетақы төлеген
Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады
Фото: gov.kz
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 549,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл қаражаттың ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 487,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 61,8 млрд теңге жұмсалған.
«2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 383 мың адам. 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 697 теңге, базалық зейнетақы – 42 704 теңге», - деп еске салды Еңбек министрлігі.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды