Қазақстанда жұмыссыздардың саны қанша

300 мыңнан астам адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген

Қазақстанда жұмыссыздардың саны қанша
Фото: www.istockphoto.com

Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,7% болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып. 

Жұмыссыздық деңгейі Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген. Яғни бұл ұйымның стандарттарына сәйкес, жұмыссыздар – табысты кәсібі болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.

«2024 жылғы I тоқсанда Қазақстанда Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады. Экономиканың әртүрлі салаларында 9 167,3 мың адам жұмыс істейді, олардың 6 981,4 мыңы (76,2%) жалдамалы қызметкер болса, 2 185,9 мың адам (23,8%) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан үлкен жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,8% болды», - делінген хабарламада.

Ал 15 пен 34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1% құрап отыр.

Статистика бюросының ақпаратынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2024 жылғы сәуір айының соңындағы жағдай бойынша 315,6 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,3% құрады.

Айта кетері, былтыр Қазақстанда жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.