$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.04.2020, 14:17
Экономика

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында автомобиль нарығында қандай өзгеріс болды

Қазақстан автобизнес қауымдастығы 2020 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша мәліметтерді ұсынды

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында автомобиль нарығында қандай өзгеріс болды

Зауыттан құрастырылып шыққан автомобилдер сегментінде сатылым  2019 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 40%-ға өскен. Сөйтіп былтырғы жылға қарағанда  биыл алғашқы тоқсанда 6 377 жеңіл көлік артық судаланған деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

2020 жылдың қаңтар, ақпан және наурыз айларында қазақстандықтар 168 млрд теңгені  (429 млн АҚШ доллары) көлік сатып алуға жұмсаған. Оның ішіне жеңіл автокөліктер, автобустар және жүк көліктер3 кіреді. Қазақстан автобизнес қауымдастығының (АКАБ) мәліметінше6 жыл басынан бері елде  17 846 дана автокөлік өз иелерін тауып отыр.

«Біз биыл наурыз айында автомобил нарығында көлік сатылымының ең жоғары деңгейін  байқадық. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40%-ға жету   өте жақсы көрсеткіш. Бұған автомобиль нарығындағы сұраныстың артуы мен АҚШ долларының бірден көтеріліп кетуі себеп болды. Халық көлік қымбаттап кетеді деген үреймен автомобилдер алып қалуға асықты. Ал наурыз аяғының соңына қарай елде карантинге орай ХҚКО жабылып қалса да, дилерлер  қашықтан сатылымды тоқтатқан жоқ. Ал мемлекет те онлайн түрінде көліктерді тіркеуге қоюға қадамдар жасады. Сәуір айы автосалондар үшін қиын кезең болатын түрі бар», - дейді Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева.

Биыл алғашқы тоқсанда сатылым жағынан Ravon көш бастады. Себебі6 осы марканың жаңа түрлері шығарыла бастады. Оны Қостанайдағы автомобиль зауыты конвейерге қойған болатын. Жақында ол Chevrolet брендімен сатылатын болады. Қа4тар-наурыз аралығында осындай 1 873 автомобиль сатылған. Айта кету керек, наурыздың соңында «Сарыарқа Автопром» Chevrolet маркасымен Damas, Labo, Tahoe, Traverse, Trailblazer, Equinox, Malibu, Onix және Spark моделдерін құрастыруды бастады. Зауыт жылына 26 мың автомобиль шығаруды жоспарлайды.

Қазақстанда ең көп сатылатын автокөліктердің ондығы:

Ең өтімді автомобилдер нарығын бұрынғыдай Ресейдің автоөндірісі бастап тұр.  Lada-ның бағасы салыстырмалы түрде арзан болғандықтан, көп сатылатын көліктер тізімінің көшбасында. Одан кейін корей автонарығының мақтанышы  Hyundai  маркасының 3 094 данасы саудаланған. Ал үштікті Toyota жалғастырады. Оның 2 653 данасы сатылғанымен, былтырдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,7%-ға аз өтіпті. 

Ал жеке дара айтатын болсақ, автокөлік моделдері ішінде Lada Granta – 1 628  данасы, Ravon R3 Nexia   – 1 354, Kia Rio – 1 205,   Toyota Camry – 1 159, Hyundai Tucson –  1 081, ал  Lada Vesta – 937  данасы  сатылған. Ravon R3 Nexia   былтырғы жылдың лидерлері әйгілі Toyota Camry седаны  мен  кроссовер Hyundai Tucson-ды басып озған.

Коронавирус пен АҚШ ақшасының қымбаттауы Қазақстан автомобиль нарығына да кесірін тигізеді. Отандық деп аталатын, елімізде құрастырылатын автокөліктердің бағасын еріксіз қымбаттатады. Қаржылық шығындар өндірушілер ғана емес ресми дилерлерге де оңай тимейді. 

Тәуелсіз автобизнес одағының басқама мүшесі Мақсат Мейірмановтың пікірінше, карантин аяқталған соң автокөлік құны кем дегенде 20 пайызға қымбаттайды. Төтенше жағдайдың әсерінен емес, АҚШ долларының қымбаттауынан соң, мамандар бұл қымбатшылықтың болатынын күтіп отыр. Шетел валютасына байланған барлық өндіріс ошақтары мен дилерлік орталықтар бағандағы бағаларын ауыстыруға мәжбүр дейді автомобиль сарапшысы. 

«Баға бірден 20 пайызға көтеріліп кетеді деп айтуға болмайды. Оның ауыртпашылығын тұтынушы сезінбес үшін ақырындап көтеріледі. Клиент брендтерді таңдауда да өзгеріске ұшырайтыны анық. Қалтасындағы ақшасына қарай пікірін өзгертіп, неғұрлым арзанын іздейтіндерді айтып отырмын. Мысалы, Mercedes өз тауарын 20%-ға арттырса, Lexus өндірушілермен келісіп,  12% және 15% пайызға асықпай көтеруі мүмкін. Ең өкініштісі,  тұтынушы үшін таңдау еркіндігі анағұрлым азаяды»,-  дейді Мақсат Мейірманов.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары