$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.04.2020, 13:57
Экономика

Жыл басынан бері Қазақстанның теңіз порттары арқылы 1,6 млн тонна жүк тасымалданды

Теңіз порттары штаттық режимде жұмыс істеп тұр, жолаушыларды тасымалдау уақытша тоқтатылды

Жыл басынан бері Қазақстанның теңіз порттары арқылы 1,6 млн тонна жүк тасымалданды
Фото: ашық дереккөзден

2020 жылдың бірінші тоқсанында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы 1,6 млн тоннадан астам жүк тасымалданды. Осы кезеңде Құрық портында шамамен 1700 жүк көлігі ауыстырып тиелді, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31% артық. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Төтенше жағдай кезінде порттар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында биылғы 16 наурыздан бастап теңіз порттары арқылы жолаушыларды тасымалдау уақытша тоқтатылды. Порттарда санитарлық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілді. Келетін жүк көліктеріне дезинфекция жүргізіледі. Бұл ретте порттарда бірінші кезекте қажетті тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы тауарларды тасымалдайтын жүк көліктеріңн өткізуді оңайлату бойынша шаралар қабылданды», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ жыл басынан бері теңіз порттары арқылы шамамен, 6 400 контейнер тасымалданды. Оның 50%-дан астамы Ақтау – Баку фидер желісімен және ары қарай Транскаспий бағытымен тасымалданды.

Серіктес жаңалықтары