Қазақстанға ең көп инвестиция құйған елдер аталды
Былтырғы қорытынды бойынша ТШИ ағыны 20 млрд долларды құрады
Қазақстан екінші жыл қатарынан инвестиция тартудың рекордтық деңгейіне қол жеткізіп келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Finprom.kz сарапшылары атап өткендей, бүгінде әлем бойынша дамушы елдерге инвестиция ағыны 9%-ға азайып, 841 миллиард долларға төмендеп кеткен.
«Әлемде тікелей шетелдік инвестиция ағынының азайғанына қарамастан, Қазақстанда бұл көрсеткіш өсе түсті. Осылайша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 17,7%-ға өсіп, рекордтық мәнге жетті. Соңғы онжылдықта $28 млрд болды», - дейді сарапшылар.
Өз кезегінде, 2023 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестиция ағыны шамамен 20 миллиард долларды құрады. Сарапшылардың пікірінше, 2023 жылға дейін ТШИ ағыны орташа жылдық мәндерден жоғары болуы мүмкін.
Экономика салаларда шетелдік инвестицияның ең көп ағыны дәстүрлі түрде тау-кен өнеркәсібіне тиесілі болған: бұл салада инсвестиция 2023 жылдың алғашқы тоғыз айында $8,6 млрд болды.
«Инвестор-елдер бойынша Қазақстанға ең көп тікелей шетелдік инвестиция ағыны Нидерланды (4,6 млрд АҚШ доллары), Америка Құрама Штаттары (3,1 млрд АҚШ доллары), Швейцария (1,9 млрд АҚШ доллары), Ресей (1,8 млрд АҚШ доллары) және Қытайдан (1,4 млрд. АҚШ доллары) келді. Оңтүстік Корея, Бельгия, Франция, Германия және Ұлыбритания да көшбасшылар қатарында», - деп атап өтті сарапшылар.
Елімізде шетелдік инвестиция тарту бойынша ең жоғары өңірлер:
- Алматы қаласы – 6 млрд АҚШ доллары (2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға көбейді);
- Атырау облысы – 5,5 млрд АҚШ доллары (26,2%-ға азайды);
- Шығыс Қазақстан облысы – 1,6 млрд АҚШ доллары (25,1%-ға азайды);
- Астана – 1,2 млрд АҚШ доллары (52,3%-ға өсті);
- БҚО – 880,1 млн АҚШ доллары (4,4%-ға өсті).