Тауарлардың қандай түрлері қымбаттады
Әлеуметтік маңызы бар тауарға 19 атау кіреді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада 0,1%-ға, жылдық мәнде 2,1%-ға өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.
«Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады», - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2024 жылғы 30 қаңтар/:
- Күріш – 488 тг/ кг
- Сүт 2,5% – 383 тг/л
- Сүзбе – 2114 тг/кг