ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1062 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Жаңа нарық: Қазақстан БАӘ-ге 22 тонна ет экспорттады

Ол үшін БАӘ-ден гуманитарлық көмек жүгін әкелген ұшақ пайдаланылды

Сауда және интеграция министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінің елшілігімен бірлесіп БАӘ-ге алғашқы экспорттық Авиаэкспресс ұйымдастырды. Авиаэкспресспен Абу-Дабиге ҚР-да өндірілген қой еті (12 тонна) және сиыр еті (10 тонна) салқындатылған түрде жөнелтілді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстандық ет өндірушілер Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығын игеруге тырысуда, онда біздің өнімдеріміздің экологиялық және дәмдік сапасы жоғары бағаланады. Алайда логистиканың күрделілігі, сондай-ақ ИЫҰ (Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы) елдерінің Стандарттау және метрология институты қабылдаған «халал» стандарты негізінде өнімге сәйкестікті растау рәсімдерінің ұзақтығы қазіргі уақытқа дейін араб нарығына шығуға елеулі кедергі болды.

«Қазақстандық ет БАӘ-нің барлық ірі сауда желілеріне жеткізіледі: Лулу, Карфур, Юнион кооперациясы және басқалары»,  ̶  деді БАӘ-нің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мохаммад Ахмад аль-Джабер.

Қазақстандық экспорттық тауарлардың алғашқы Авиаэкспрессі үшін коронавирусқа қарсы күрес бойынша елдеріміздің бірлескен күш-жігері аясында БАӘ-ден гуманитарлық көмек жүгін әкелген ұшақты пайдалану шешілді.Сауда және интеграция министрлігі хабарлағандай, бұған дейін қазақстандық етті экспортқа тасымалдау үшін көп жағдайда тұрақты жолаушылар рейстері пайдаланылды (жүк 2-3 тонна шағын партиямен жөнелтілді).

Ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінің ҚР-дағы елшілігімен бірлесіп қазақстандық экспорттық тауарларды БАӘ-ге апта сайынғы негізде жіберу үшін азаматтық ұшақтарды пайдалану мүмкіндігі пысықталып жатқанын хабарлады.

«Келесі рейстерге дайындық кезінде карантин жағдайында жүктерді тасымалдаудан алынған тәжірибе пайдаланылады»,- деді ол.

Жалпы, министрліктің жоспарында отандық тауарларды әуе көлігімен тасымалдауды одан әрі дамыту бар.

Анықтама:

ҚР-да өндірілген етті өткізудің дәстүрлі нарығы Ресей, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Ауғанстан болып табылады. Қазақстан етті негізінен салқындатылған түрде экспортқа жібереді (сондай-ақ мұздатылған еттің экспорттық әлеуетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде). Бұл ретте ішкі өндірістің сиыр етімен қамтамасыз етілуі тұтыну көлемінен асып түседі, бұл экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сұхбат
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат
Имамның айтуынша, құрбандыққа шалынған мал етін алуға өтініш бергендер саны басымырақ