14.07.2023, 10:37
Экономика
Қазақстанда қытайлық көліктердің импорты артып келеді
Соңғы бес айда елімізге Қытайдан 16 333 автокөлік импортталған
Фото: avtonovostidnya.ru
Қазақстан нарығында қытайлық көліктер саны артып келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, соңғы бес ай ішінде Қазақстан Қытайдан 16 333 автокөлік импортталған.
«ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 5 айда Қытайдан импортталған автокөлік саны (16 333 бірлік) 2022 жылмен салыстырғанда (12,5 мың бірлік) біршама артық», - делінген хабарламада.
Ақшалай түрде импорт $291,8 млн (өткен жылы – $183,9 млн) құрады.
Айта кетсек, Қытай бүгінде Қазақстанға жеңіл көліктердің негізгі жеткізушісі болып отыр.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
