08.06.2023, 16:28
Экономика
Қазақстан қор биржасында доллар арзандады
Доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,71 теңгеге төмендеді
Фото ашық дереккөзден
Қазақстан қор биржасында доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,71 теңгеге төмендеп, 444,85 теңге болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 62,23 теңге (-0,48) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 477,65 теңге, рубльді 5,49 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 444-448 теңге, еуро – 476,5-481 теңге, ресей рублі – 5,37-5,45 теңге аралығында сатылып/сатып алынып жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді