$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауыл мен қала арасындағы айырмашылық деңгейі қалай теңестіріледі

Өмір сүру сапасын арттыру және өңірлік стандарттар жүйесінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде

Ауыл мен қала арасындағы айырмашылық деңгейі қалай теңестіріледі
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Мәжілістегі Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ауыл мен қала арасындағы айырмашылықты азайтудың жолдарын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біздің мақсат – қала мен ауылдың арасындағы айырмашылықты барынша азайту. 2022 жылғы Өңірлік стандарттар жүйесі көрсеткіштерін мониторингтеудің негізгі салалары көрсетілген. «Білім беру» саласында: мектептер бойынша елді мекендерді қамтамасыз ету деңгейі 83%, мектепке дейінгі білім беру мекемелері – 82%, Техникалық және кәсіби білім нысандары – 57% құрады. «Денсаулық сақтау» саласындағы мекемелермен қамтамасыз ету деңгейі 75%, дәріханалармен – 32% құрады. Мәдени-демалыс ұйымдары бойынша елді мекендердің қамтамасыз етілу деңгейі 72%, мұражайлар – 45%, дене шынықтыру-сауықтыру кешені – 54% және спорттық жаттығу залдары – 56% құрады», - деді министр.

Қуантыров атағандай, «Инженерлік инфрақұрылым» саласында орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша инженерлік инфрақұрылым саласындағы нысандармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі 89%, су бұру жүйесі бойынша – 51% құрады.

«Көлік инфрақұрылымы» саласында: елді мекендердің қалаішілік/кентішілік жолдармен қамтамасыз етілу деңгейі 76%, жолды жарықтандыру – 45%, автокөлік жуу орындары – 60%, теміржол вокзалдары бойынша 60% құрады. Бүгінгі таңда министрлік адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және Өңірлік стандарттар жүйесінің көрсеткіштерін жақсарту үшін түрлі бюджеттік бағдарламалар аясында өңірлерді дамыту жұмысын жалғастыруда. Мәселен, 2023 жылы өңірлердің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 14 облыс орталығында 67 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға 42,1 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат аясында қала ішіндегі 60 шақырымға жуық жолдарды және 140 шақырым инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары