$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық банк қор биржасынан 2 млрд АҚШ долларын сатып алмақ

БЖЗҚ портфеліндегі валюталық үлес 2023 жылдың соңына қарай 24,3%-ға дейін төмендеуі мүмкін

Ұлттық банк қор биржасынан 2 млрд АҚШ долларын сатып алмақ
Фото ашық дереккөзден

Ұлттық банк валюта позициясын 30% деңгейде ұстап тұру үшін KASE-тен шамамен 2 млрд АҚШ долларын сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы ҚР ҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов мәлім етті.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша, зейнетақы активтерінің өсуі жағдайында, оның ішінде инвестициялық кіріс есебінен БЖЗҚ портфеліндегі валюталық активтердің үлесі төмендеп, 28,4%-ды көрсетті. Зейнетақы активтерінің одан әрі күтілетін өсімін ескере отырып, БЖЗҚ портфеліндегі валюталық үлес 2023 жылдың соңына қарай 24,3%-ға дейін төмендеуі мүмкін.

Зейнетақы активтеріндегі валюталық үлестің күтілетін төмендеуін ескере отырып, Ұлттық банк 2023 жылға дейін шетел валютасын кезең-кезеңімен сатып алуды жоспарлап отыр. Валюта позициясын 30% деңгейде ұстап тұру үшін шамамен 2 млрд АҚШ долларын сатып алу қажет болады. Осынша мөлшердегі ақшаны сатып алу валюта нарығына айтарлықтай әсер етпейді, өйткені ол орташа тарихи мәндердің 6-7 пайызынан аспайды (KASE-дегі жылдық сауда көлемі 2022 жылдың аяғында 29,7 млрд болды). Сонымен қатар шетел валютасын сатып алу бойынша бұл операциялар Қазақстан қор биржасының алаңында жыл бойы біркелкі қалыпта жүзеге асырылады», - деді Нұржан Тұрсынханов.

Оның айтуынша, БЖЗҚ портфеліндегі шетел валютасын сатып алу зейнетақы активтері есебінен сатып алынатын инвестициялардың географиясы мен қаржы құралдарының ауқымын кеңейтуге бағытталғанын атап өткен дұрыс. Бұл инвестициялық портфельдің сапасын жақсартуға, оны әртараптандыруға, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада оның өтімділігі мен табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары