$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтардың нақты табысы азайып барады

Тамыз айында жұмыссыздар саны 451,2 мың адамды құрады

Қазақстандықтардың нақты табысы азайып барады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтардың нақты табысы төмендеп барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy LS-ке сілтеме жасап.

Статистика бюросының алдын ала келтірген деректері бойынша, жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай кірістер 2022 жылғы тамызда 146 567 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы аймен салыстырғанда 11,9%-ға өсті. Сонымен қатар, осы кезеңдегі қазақстандықтардың нақты ақшалай табыстары 2,7%-ға төмендеген.

Тамыз айында жұмыссыздар саны 451,2 мың адамды құрады (4,9%). Жұмыспен қамту мекемелеріне 2022 жылдың тамыз айының соңында 252,7 мың адам (2,7%) тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында азық-түлік тауарлары жылына 20,8%-ға, азық-түлік емес тауарлар 15,5%-ға, қызмет көрсету 10,1%-ға қымбаттады.

Серіктес жаңалықтары