Қазақстанда келесі айда цифрлық теңгені тестілеу басталады
Цифрлық теңге көлеңкелі экономиканы азайуға және бюджет қаражатын бақылауға ықпал етуі мүмкін

Қазан айында Қазақстанда цифрлық теңгені пайдалану үшін арнайы платформа сынақтан өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі LS-ke cілтеме жасап.
Ұлттық банктің дерегінше, цифрлық теңгенің пилоттық жобасы 2022 жылдың соңына дейін жалғасады. Жан-жақты талдау мен зерттеу аяқталғаннан кейін ғана цифрлық теңгенің қалай жұмыс істейтіні білгілі болады.
"2022 жылдың қазан айында платформаның технологиялық тестілеуі нақты тұтынушылармен және сауда-сервистік кәсіпорындармен шектеулі бақыланатын периметрде өткізіледі", – деп мәлімдеді ҚР Ұлттық Банкі.
Қазіргі уақытта пилоттық жобаға қатысу үшін мүдделі тұтынушылар мен сауда-сервистік кәсіпорындар пулы құрылған. Тестілеу кезеңінде шығарылатын сома әлі пысықталып жатыр. Қаржы институты цифрлық валютаның барлық мүмкін бағыттары зерттелетінін атап өтті. Дегенмен, бірінші кезекте бөлшек цифрлық теңгені іске қосу мүмкіндігі беріледі, деп отыр ҚР Ұлттық банкі.
"Орталық банктердің көтерме цифрлық валюталарын енгізудің әлемдік тәжірибесі, оның ішінде халықаралық есеп айырысуларды одан әрі сынау үшін зерттеу жүріп жатыр. Қазақстан нарығы үшін цифрлық теңгені қолданудың сценарийлері әлі бағалауды қажет етеді. Дегенмен, цифрлық теңгенің дизайны мен платформасы көтерме немесе банкаралық есеп айырысу үшін де пайдалану мүмкіндігін ескере отырып жобаланады", - деп түсіндірді Ұлттық Банкте.
Бас банк цифрлық теңге бірінші кезекте транзакцияларды бақылау құралы емес, төлемнің инновациялық құралы ретінде әзірленеді деп отыр.
Бұл ретте қаржы институты транзакциялардың анонимділігін қамтамасыз ету және алаяқтыққа, ақшаны жымқыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл арасындағы теңгерімді тәсілді ұстанады.
"Тұтынушылардың транзакцияларының анонимділігі мен құпиялылығына басымдық беріледі. Толық сандық әмияндардың түрлері және тікелей тұтынушыда арнайы криптографиялық кілт сақталады. Бұл тұтынушыға контрагенттермен қандай деректермен және қандай көлемде бөліскісі келетінін анықтауға мүмкіндік береді. Тұтынушылардың анонимдік құқығы толық сақталады",- деп түсіндірді ҚР Ұлттық Банкінде.