$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.01.2020, 10:45
Экономика

Қазақстанда импортты шектейтін кеңес құрылды

Кеңес кәсіпкерлерге импортты алмастыру бойынша инвестициялық жобаларды құру және іске асыруға көмек береді 

Қазақстанда импортты шектейтін кеңес құрылды

Бүгін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Қазақстанда Импорт алмастыру жөніндегі кеңес құрылғанын хабарлады. Кеңестің негізгі міндеті - Үкіметке импортты алмастыру бойынша тиімді ұсыныстарды әзірлеу, өңдеу өнеркәсібі және АӨК саласында табысты кәсіпорындардың тәжірибесін біріктіру.

Ұйымды «Alageum Electric» Компаниялар тобы бақылау кеңесінің төрағасы Сайдулла Қожабаев басқармақ. Оның айтуынша, кеңес кәсіпкерлерге импортты алмастыру бойынша инвестициялық жобаларды құру және іске асыруда көмек беруі керек.

Импортпен алмастырып, өзіміздің нарықты қамтуға 5 сала: машина жасау, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, химиялық өнеркәсіп және жиһаз өнеркәсібі таңдалып алынған. Соның ішінде бизнес өкілдермен бірлесіп, жиһазға арналған ДСП/ДВП, тығын арматурасы, пластик өнімдері, ет, түрлі химиялық заттар бойынша 20-ға жуық инвестициялық жоба әзірленіп жатыр.

Аталған жобалар жуық арада ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Импортты алмастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында таныстырылмақ.

Кеңестің алғашқы отырысы 2020 жылдың қаңтар айының екінші жартысына жоспарланған.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары