$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық банк теңгені «құтқарып қалу» үшін 104 млн доллар жұмсады

Осы аптада интервенция көлемі 137 млн доллар болды

Ұлттық банк теңгені «құтқарып қалу» үшін 104 млн доллар жұмсады
Фото ашық дереккөзден

Бүгін Ұлттық Банк теңгені «құтқару» үшін 104 млн долларға валюталық интервенция жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Осы аптада интервенция көлемі 137 млн доллар болды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шамадан тыс құбылмалылық кезінде валюталық интервенциялар жүргізу құқығын өзіне қалдыра отырып, теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне бейілділігін сақтайды. Бұл ретте теңгенің икемді бағамы сыртқы сектор тарапынан тәуекелдерді іске асыру аясында маңыздылығы артқан алтын-валюта активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Ресей президенті Владимир Путиннің Донбаста арнайы операция өткізу туралы мәлімдемесінен кейін Мосбиржидің таңертеңгі сессиясында доллардың рубльге шаққандағы бағамы 86 межесінде сақталды.

Айта кетерлігі, қаржы нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Ресей банкі де интервенция жасағанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары