Әлемде Toyota компаниясының сатылымы азайды
Nissan автоконцерні 2020 жылдың қазанымен салыстырғанда өндіріс 22 пайызға төмендеген

Әлемдегі ең ірі автомобиль өндіруші – «Toyota» компаниясы өндірісі пен сатылымы төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
2021 жылдың қазан айында компания 627 452 автомобиль шығарған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 26 пайызға аз. 2020 жылы 845 107 көлік құрастырылды. Бұдан бөлек, биыл сатылым да 20 пайызға түсіп кеткен. Компанияның бұлай құлдырауы қосалқы бөлшектер мен микрочиптердің жетіспеушілігімен байланысты болып отыр. Десе де әйгілі бренд қараша айында өндірісті ұлғайтатынын, оның қорытындысы бойынша 850-900 мың автомобиль шығару жоспарланғанын хабарлады. Осы айдың басында Toyota жылдық пайда болжамын 2,5-тен 2,8 триллион иенге (25 млрд доллар) жақсартты.
29 қарашада компанияның Токио қор биржасындағы акциялары 3,36 пайызға, 2005 иенге дейін (17,67 доллар) төмендеді.
Сонымен қатар, Nissan автоконцерні 2020 жылдың қазанымен салыстырғанда өндіріс 22 пайызға, сату 16 пайызға төмендегенін хабарлады. Honda автокөліктерінің өндірісі қазан айында 28 пайызға төмендеді.