Көпшілік алдағы жылдары Қазақстан экономикасы жақсаратынына сенбейді – сауалнама
Сатып алушыларды денсаулығы, қарызы мен несиесі алаңдатады

Қазақстан халқының көпшілігі ел экономикасы дағдарыста деп санайды. Респонденттердің тек 12%-ы ғана жақын арада жағдай жақсарады деп күтіп отыр. Мұндай зерттеу нәтижесін Қазақстандағы бөлшек желілермен айналысатын NielsenIQ компаниясының маманы Сергей Буланов келтірді, деп хабарлайды LS.
Компанияның зерттеу деректері бойынша, сауалнамаға қатысқандардың 74%-ы Қазақстан экономикасы дағдарысты кешіп жатқанын көрсеткен.
«Сатып алушылардың 12%-ы ғана алдағы жылы елдегі экономикалық жағдай жақсарады деп санайды. Қазақстандықтарды қашанда күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы толғандырады. Екіншіден, сатып алушыларды денсаулығы, үшіншіден қарызы мен несиесі алаңдатады», – деді Буланов.
Осыған қарамастан, Қазақстанда оптимистік тұтынушылық жағдай байқалады. NielsenIQ индексі бойынша ол 104 тармаққа жетті. Салыстырар болсақ, Ресейде бұл көрсеткіш – 90 пункт.
Сондай-ақ, Булановтың мәліметтерінен респонденттердің 48%-ы жұмысқа орналасу перспективаларын өте жақсы немесе жақсы бағалайды, 46%-ы «нашар», ал 6%-ы «өте нашар» деп көрсеткен.
Алдағы жылы жеке материалдық жағдайды респонденттердің 16%-ы жақсарады деп санайды, «жақсы» дегендер - 52%, «нашар» дегендер - 30%, «өте нашар» дегендер - 2%.
Сонымен қатар, респонденттердің 40%-ы қазір жаңа зат сатып алатын уақытты «өте жақсы» және «жақсы» деп есептейді. Ал 53%-ы керісінше, нашар деп санайды.
Сауалнамаға қатысқандардың 41%-ы үлкен сауда жасау үшін сауда орындарына барғанын жеткізді. 2020 жылы бұл көрсеткіш 57% болатын.
«Әзірге үлкен сатып алулар басым болғанына қарамастан, биыл өткен жылмен салыстырғанда қарқынды сатып алу көлемі өсіп келеді», – деп түсіндірді Буланов.