$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.04.2021, 10:11
Экономика

Қазақстан мен Ресей тарапы бірқатар құжатқа қол қойды

Қазақстан мен Ресей 2021-2025 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасын қабылдады

Қазақстан мен Ресей тарапы бірқатар құжатқа қол қойды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясының Қазан қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті.

Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика, геология салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, АӨК, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

Коронавирустың таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің Үкімет басшыларының қатысуымен келесі бірқатар құжатқа қол қойылды:

  • ҚР мен РФ үкіметтері арасындағы 2021-2025 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы;
  • «Қазгеология» АҚ мен «Росгеология» АҚ арасындағы ҚР, РФ және шет мемлекеттердің аумақтарындағы пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • ҚР аумағында көмірсутегі кен орындарын игеру және геологиялық барлау бойынша бірлескен қызмет саласындағы жобаларды іске асыру ниеті туралы келісім;
  • «ҚР-да бутадиен және туынды өнімдер өндірісі» жобасын іске асырудың жол картасы; «Бутадиен» жобасын басқару мәселелері жөніндегі шекті шарт;
  • «KIDF Management company» Ltd, Ресей тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) және «Mubadala Investment Company» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • қатты пайдалы қазбалар бойынша юниорлық компаниялардың Еуразиялық биржасын құру туралы меморандум.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қазан қаласына жұмыс сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады.

Серіктес жаңалықтары