ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Ақмола облысы 1,7 млрд доллардың жобасына инвестор іздеп отыр

Жоба іске асқаннан кейін, жаңа кешен дайын өнімді ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр

Фото: nb.kz

Ақмола облысында құны 1,7 млрд долларды құрайтын тау-кен металлургия кешенін салу жоспарланып отыр. Жергілікті биліктің хабарлауынша, жаңа жоба темір кен орнының базасында ашылмақ. Бұл туралы LS хабарлайды

«Қазіргі уақытта стратегиялық серіктес болатын инвестор іздестіріп жатырмыз. Жобаның сметалық құны - 1,7 млрд доллар», - дейді әкімдіктегілер.

Жобаға байланысты әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған. Кешеннің жобалық қуаты – жылына 940 мың тонна. Олар дайын өнімді ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.

Бұған дейін сайтымызда Ақмола облысында индустрияландыру жылдары жүзеге асқан жобалар туралы жазғанбыз