Қазақстанда алтын өндіру көлемі 3,2% артты

Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында күміс өндірісі 2,7% артқан

Қазақстанда алтын өндіру көлемі 3,2% артты
Фото: biz.censor.net.ua

Қазақстанда 2019 жылғы қаңтар-тамызда өңделмеген және жартылай өңделген алтын көлемі 65 607 келіні құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2% артық, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген күмісті өндіру көлемі 656 082 келіні құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7% артық.

Өз кезегінде өңделмеген алюминий және алюминий оксиді өндірісінің көлемі 1 100 756 тоннаны, өңделмеген тазартылған қорғасын 88 936 тоннаны, өңделмеген мырыш 216 020 тоннаны және өңделмеген тазартылған мыс 313 265 тоннаны құрады.

Өзге де түсті металдар мен олардан жасалған бұйымдар, керметтер, құрамында металдар немесе металл қосылыстары бар күлдер мен қалдықтар өндірісінің көлемі 34 948 тоннаны құраған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.